Баланың денсаулығы оның өмір салтына: теңгерімді, қоректік заттармен (дәрумендермен және минералдармен) қаныққан ас мәзіріне, сондай-ақ, дене белсенділігінің жеткіліктілігіне тәуелді.
Сөз жүзінде барлығы қарапайым естіледі, бірақ, іс жүзінде балалардың толыққанды тамақтануын қамтамасыз ету қиын: сәбилердің көпшілігін көкөніс, балық, ет, сүзбе жеуге мәжбүрлеу мүмкін емес, бүгінде азық-түліктің сапасы да айтарлықтай керемет емес.
Бала организмінің қорғаныс күштерін арттыру қажет – мұны ата-аналардың барлығы түсінеді. Әсіресе, егер бала үнемі ауруға шалдығатын, ал сауығу үдерісі ұзақ уақыт алатын болса, осы мәселеге көңіл бөлу маңызды.
Иммунитетті демеп отыруға арналған препаратты таңдағанда, балаларға арналған, құрамында жас шамаларына сәйкес дозаларда ұсынылған қажетті компоненттердің барлығы бар, теңдестірілген дәрумендер-минералдар кешеніне көңіл бөлген жөн.
Иммунитетті демеп отыруға дәрумендер мен минералдардың біртұтас кешені қатысатынын есте ұстау маңызды.
Мысалы,
Сондықтан, өз балаңыздың иммунитетін демеп отыру үшін қолайлы препаратты таңдағанда, нұсқаулықтағы немесе заттаңбасындағы құрамына көңіл бөліңіз.
Дәрумендер мен минералдар – күнделікті тамақтану мәзірінің маңызды құрамдастары. Оларсыз адам организмінің барлық жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруы мүмкін емес. Дәрумендер мен минералдар бала организміне айрықша әсерін тигізіп, оның физикалық және ақыл-ой тұрғысынан қалыпты дамуына ықпал етеді.
Мысалы,
Және бұл дәрумендер мен минералдар қатысатын үдерістердің барлығы емес, олардың бір бөлігі ғана.
Өмірінің алғашқы үш жылында сәбидің организмі белсенді дамиды: сүт тістері жарып шығады, өсуі артады, омыртқа иілімдері қалыптасады, кеуде қуысы кеңейеді. Бала жүруді бастайды, оның қимыл-қозғалыс белсенділігі жоғарылайды. Бұлшықат массасы арта түседі, жүрегінің жұмысы жетіледі, тамыр соғысы сирейді, ал артериялық қысымы жоғарылайды.
Ас қорыту жүйесі екі есе энергиямен жұмыс істеу бастайды, организмнің алуан түрлі тамақтарды сіңіруге қабілеттілігі артады. Иммундық жасушалар саны едәуір артады, бадамша бездері мен аденоидтары қалыптасады, қорғаныс бөгеті күшейеді.
Белсенді физикалық өсуімен бірге бала психикасының, сөйлеуінің және ойлауының дамуы орын алады. Бұл кезеңде ата-аналар өз сәбиінің қоршаған әлемді белсенді зерттеуіне көмектесу үшін оған көп уақыт бөлуі керек.
Бір жасар бала үшін дәрумендерді таңдағанда, осы жас кезеңін ескере отырып әзірленген препараттарға көңіл бөлген дұрыс. 3 жасқа дейінгі балалар үшін – шәрбәт түріндегі шығарылу оңтайлы. 3 жастан асқан сәбилерге шайнайтын шығарылу түрін таңдай беруге болады. Егер сіздің сәбиіңіз жиі ауыратын болса, жуырда ғана инфекциялық ауруды бастан өткерсе, тамақты нашар ішсе, тез шаршайтын болса, онда педиатрға жүгіну және Сіздің сәбиіңізге қандай дәрумендерді қабылдаған дұрыс болатындығы жөнінде кеңесін алу қажет.
Бұл кезеңде денсаулықтың іргетасы қаланады. Жүйке жүйесі жылдам дамиды, қаңқасы өседі, бұлшықеттері нығаяды. Бала тым қозғалғыш болады, айтарлықтай жылдам жүгіре алатын, баспалдаққа шыға алатын, секіре алатын, кедергілерден аттап өте алатын болады.
Осы жастағы балалардың көпшілігі велосипед тепкенді жақсы көреді, текшелерден күрделі құрылымдар жасай алады, ойыншықтарды өз бетінше орын-орнына жинастырады.
Бала жақсы сөйлейді, күрделі сөйлемдер құрай алады. Өз қызметін жоспарлай бастайды, нені жасауға болатынын, не нәрсеге тыйым салынғанын түсінеді, дербестігін танытады, құрдастарымен қуана-қуана ойнайды, ойын ережелерімен келіседі.
Ата-аналардың көпшілігі баланы балалар ұжымына дәл осы 3 жасында, сәби өз бетінше өзіне қызмет көрсете алатын, ал өзгелермен қарым-қатынас жасауға көбірек қуанатын кезде береді.
Балалар балабақшаға келуін әр түрлі қабылдайды, бірақ тіпті, егер сәби сырттай қарағанда көңілі толатындай көрінсе де, ахуалдың бұлай өзгеруі –жетілмеген организм үшін ауыр стресс. Бұл кезеңде баланы барлық қажетті дәрумендермен және минералдармен қамтамасыз ету өте маңызды.
Және бұл ретте иммундық жүйесін демеп отыруға көңіл бөлу және, құрамында қажетті дәрумендер мен минералдардың барлығы бар препаратты таңдау керек.
5—7 жас шамасында балаларда тірек-қимыл аппаратының белсенді қалыптасуы жүреді. Дене жүктемелері бала организмін жалпы дамытуға бағытталуы тиіс. Сіздің сәбиіңіз қалай, қаншалықты және қайда қозғала алады? Спорт алаңында, серуендеу және қозғалмалы ойындар кезінде, таңертеңгі гимнастика жасағанда, спорт секциясының жаттығуларында. Мүмкіндіктер жеткілікті. Бастысы — оларды пайдалану.
Баланын мүсінін: қалай жүретінін, үстелде, теледидар алдында қалай отыратынын, кітаптағы суреттерді қалай көретінін, қалай оқитынын, қалай сурет салатынын қадағалаңыз. Мамандар сколиозға және омыртқаның басқа ауруларына бейімділік мектеп жасындағы кішкентай балаларда емес, сәл ертерек — мектепке дейінгі кезеңде, ата-аналар бұл мәселеге аса көңіл бөле қоймайтын кезде туындайтынын айтып отыр.
5-6 жас – бұл балада көптеген тұлғалық қасиеттердің іргетасы қаланатын, «Мен» образы, жыныстық ерекшелігі қалыптасатын базалық жас шамасы. Бала тұлғасының барлық қырларының 90%-ы 5-6 жас шамасында қалыптасады.
Дәрумендермен емдеудің негізгі мақсаты қазір –баланың артып келе жатқан интеллектуалдық жүктемелерді еңсеруіне, инфекциялық аурулардан қорғанысын қорғанысын қамтамасыз етуге, иммунитетін жақсартуға және тістерінің жаңаруы кезеңіне дайындалуына көмектесу.
Құрамында кальций, фосфор, Д дәрумені, сондай-ақ, В тобының дәрумендері, йод, мырыш бар дәрумендер-минералдар кешеніне көңіл бөліңіз.
ЖАС ШАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
7-8 жасар балалардың сүйектер жүйесі мектептегі жүктемелердің әсерінен ауыр сынақтарға ұшырайды. Түбегейлі қалыптаспаған омыртқа ұзақ уақыт қозғалыссыз, көбінесе дұрыс емес қалыпта болады, ол сколиозға алып келуі мүмкін. Осы сәтке профилактикалық мақсатта көңіл бөлуді жалғастыру маңызды.
Баланың ішкі ағзаларының көпшілігі енді іс жүзінде, ересектердегідей қызмет атқара бастайды. 9 жасқа қарай эндокриндік жүйесінің дамуы аяқталады, иммунитеті жақсарады, бала әдетте, аз ауыратын болады.
Мектепте ақпараттар ағымының күшеюіне, сондай-ақ, қатарластары арасында бейімделуіне байланысты, жүйке жүйесінің түсетін жүктемелер арта түседі. Мұның барлығы баланың барлық өмір сүру дағдысын өзгертеді. Негізгі қызметі – оқып-үйрену және білім алу болып табылады.
ДӘРУМЕНДЕР-МИНЕРАЛДАР КЕШЕНІН ТАҢДАҒАНДА НЕ НӘРСЕГЕ КӨҢІЛ БӨЛУ КЕРЕК
Жеті жас шамасындағы бала организміне дәрумендердің ықпалын жете бағаламауға болмайды. Жүктемелердің көбеюіне және жаңа ұжымға келуіне байланысты стрестер, қажуы, зейін қоюға қиналуы, тамақтануындағы бұзылулар – осы қиындықтардың барлығын 7 жас шамасындағы балалар үшін дұрыс таңдалған дәрумендер-минералдар кешені сәтті еңсере алады.
Жасы кіші оқушы организмінің қалыпты қызмет атқаруы үшін В тобы дәрумендерінің маңызы зор. Олардың жеткіліксіздігі жүйке жүйесінің жай-күйіне әсерін тигізіп, созылмалы шаршауға, эмоционалдық орнықсыздыққа, ашушаңдыққа алып келеді.
Мектеп өмірінің басталуы – міндетті түрде педиатрдың қабылдауында болуға себеп болады, ол денсаулық үшін зиянын азайта отырып, жаңа режимге қалай икемделу керектігі жөнінде кеңес береді, қолайлы дәрумендер-минералдар кешенін ұсынады.
Қолданылуы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
1 жасқа дейінгі балаларға шәрбатты тек дәрігердің ұсынысымен және дәрігердің қадағалауымен беруге болады.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
1-ден 3 жасқа дейінгі балалар: шәрбатты тәулігіне 2 рет 1 өлшегіш қасықтан (5 мл).
4-тен 6 жасқа дейінгі балалар: шәрбатты тәулігіне 3 рет 1 өлшегіш қасықтан (5 мл).
7-ден 14 жасқа дейінгі балаларға: шәрбатты тәулігіне 3 рет 1 өлшегіш қасықтан (5 мл), ең жоғарғы доза – тәулігіне 4 рет.
Шәрбатты қасықпен беруге немесе шаймен, шырынмен немесе жеміс пюресімен араластыруға болады. Ұсынылған тәуліктік дозадан арттыруға болмайды.
Тәбет болмағанда шәрбатты 1 ай бойы күн сайын беру керек. Қайта қабылдау курсы 1-3 айдан кейін.
Қолданылуы
Пиковит® пастилкалары 6 жастан асқан балаларға ұсынылады:
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Пиковит® пастилкалары 6 жастан кіші балаларға ұсынылмайды.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Тәбет болмаған жағдайда Пиковит® пастилкаларын 2 ай бойы, қалған жағдайларда – қажетіне қарай қабылдау ұсынылады.
Денсаулық – бұл тек ауырмау ғана емес. Дегенмен бұл, адам организмінің қоршаған орта жағдайларына жақсы икемделгендігін білдіреді. Дені сау адамдардың арасында суықты, ыстықты, физикалық және психикалық стрестерді, инфекциялық ауруларды, зақымданударды және басқа да қиындықтарды басқаларға қарағанда жақсы көтере алатындары бар.
Дәрумендер мен минералдарды қабылдау бала организмінде дұрыс теңгерім қалыптастыру үшін қажет –ол денсаулығын демеп отыру үшін маңызды.
Теңгерімсіз және жүйесіз тамақтану кезеңдерінде ондайға дәрумендер-минералдар кешенін қосымша қабылдау арқылы қол жеткізуге болады. Балалар, түрлі жас кезеңдерінде түрлі дәрумендер мен минералдарды қабылдаса, аурудан қорғанысы жақсы болады. Және егер, соған қарамастан олар ауырып қалса, жылдамырақ сауығады.
Алғашқы белгіері – ол қажығыштығы, мінез-құлқының ашуланшақ болуы, инфекцияларға бейімділігі, тәбетінің нашарлауы/немесе тәбетінің болмауы.
Егер бала теңгерімсіз және/немесе жүйесіз тамақтанатын болса, егер ол белгілі бір тамақты (мысалы, жемістерді, көкөністерді, етті) жеуден бас тартса, егер оның қарқынды дамуы кезеңінде дене жүктемелері көп болса (организм кальций мен D дәруменін көбірек қажет етеді) оған дәрумендер мен минералдар кешені қажет. Бұл баланың өсуінің белгілі бір кезеңдеріндегі қажеттіліктеріне сәйкес қажетті дәрумендерді қабылдауы үшін маңызды («Әр түрлі жас кезеңдері – әр түрлі дәрумендер» қосымшасын қараңыз).
Жыл мезгілдеріне байланыссыз, дәрумендер мен минералдардың қажеттілігін күнделікті ас мәзірінің көмегімен қамтамасыз ету мүмкін емес деуге болады.
Өкінішке орай, қазіргі кезде өнімдерді өсіріп-жетілдіру кезінде зиянды химикаттар кеңінен пайдаланылады. Оның үстіне өнімдер тазартылады, пастерленеді, консервіленеді және ұзақ сақтау үшін дайындалады. Мұның барлығы оларға теріс әсерін тигізеді, өйткені, сақталған пайдалы заттар мөлшері күрт азаяды.
Пиковитті Словенияда КРКА фармацевтикалық компаниясы өндіреді.
Пиковитті Сіз Өз қалаңыздағы дәріханалардан сатып ала аласыз.
3 жасқа дейінгі тамақтану – өмірдің іргетасы.
Жалпы үстелге көшкен кезде ас мәзірін дәрумендер мен микроэлементтерге бай алуан түрлі тағамдармен түрлендіріңіз. Жаңа тағамдарды енгізуді біртіндеп жүзеге асырыңыз, және буға піскен, бұқтырылған және пеште піскен тағамдар болғаны дұрыс. Тәтті тіскебасарларды шектеңіз.
Балабақшаға бейімдеуге арналған үш алтын ереже:
- Егер Сіз таңнан стреске берілсеңіз, бала да күні бойы мазасыз болады, сондықтан, бірінші кезекте өзіңізді бақылауда ұстап үйреніңіз.
- Балаға абстрактілі: «Бақшада қалай жағдай?» деген сияқты сұрақтар қоймаңыз. Үнемі нақты сұраңыз: «Музыка сабағында қандай ән айттыңдар?», «Ботқа ұнады ма?»…
Егер бала жиі ауыратын болса, бейімделуі де ауыр жүреді. Салауатты өмір салтының дағдыларын бала күнінен бойына сіңіріңіз: шынықтыру, спорт, дәрумендер емі.
Ұсақ моториканы дамыту сөйлеудің дамуымен және тұтас алғанда, баланың интеллектуалдық қабілеттерінің дамуымен тікелей байланысты. Сонымен қатар бұл баланы дұрыс жазу дағдысына дайындауға көмектеседі.
Сондықтан, балаңызға ұсақ моториканы дамытуға арналған дұрыс ойындарды таңдай білу соншалықты маңызды.
Балаңыздың омыртқасы дұрыс дамып жатқандығына көңіл бөліңіз – өйткені ол бүкіл организмінің саулығына ықпал етеді.
Омыртқа деформациясы туындауының алдын алу маңызды, ол жүрген, үстелде отырған (үстел, орындықтың дұрыс таңдалмауы) кезде мүсінінің дұрыс ұсталмағандығынан, жұмсақ және тегіс емес төсекте ұйықтағаннан, жастығы биік болғандығынан және т.б. дамуы мүмкін.
Балаңыздың бұлшықет корсетін: арнайы жаттығулардың, не болмаса жүзу және би секцияларына апарудың көмегімен дамытыңыз.
Баланың қиялын дамытыңыз.
Ол үшін сәбиге эксперимент жасауы үшін материалды (ойыншықтар, түрлі-түсті қағаз, қарындаштар, желім, пластилин және т.б.) беру керек.
Сәбиді мақтаңыз! Қабырғадан кішкентай суретшіңіздің ең сәтті шыққан жұмыстарын ілу үшін арнайы орын бөліңіз. Бұл Сіздің балаңызды өз қиялын іске қосуға және содан ләззат алуға үйретеді!
Ата-аналадың көпшілігі әлі күнге дейін, балаларды мектептегі математика сабақтарына дайындаудағы басты нәрсе оларға 10-20 аралығындағы сандарды және соларды санауды үйрету деп есептейді. Алайда, заманауи оқу бағдарламалары арифметикаға емес, балаларда логикалық ойлауды дамытуға, яғни, талдап-саралауға, ойын жинақтауға, салыстыруға, комбинаторикаға, яғни,біріктіруге, жіктеуге және абстракциялауға қабілеттіліктерін дамытуға күш салады.
Баланың денсаулығы мектептегі артық жүктемелерден және созылмалы шаршаңқылық синдромынан зардап шекпеуі үшін, келесі ережелерді сақтау маңызды:
- күн тәртібін сақтау;
- кемінде 8 сағат ұйықтау;
- көп қозғалу және таза ауада серуендеу;
- секцияны, әжесінің емес, баланың қалауымен таңдау;
- әркелкі тамақтану, қосымша дәрумендер-минералдар кешенін қабылдау.